Қожанасыр бір тойға барайын деп қымбат галстук тағып алыпты. Әйелі:
- Сонша қымбатқа алғаның не? Сол ақшаңа үш туфли түсер еді, -деп ренжіпті. Сонда Қожа:
-Әй, "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" деген рас екен- ау, үш туфлиді мойныма байлап барсам, жұрт күлмей ме?!-деген екен
..............
Вконтакте мен танысып,сол қызбен кездесуге барган жігіттің соңғы сөзі,"фотошопты шығарған адамды қарғыс атсын"-депті!!!!
...............
Бiрде Жапонияда ұрыларды ұстайтын робот ойлап тауыпты! Ол:
- Жапонияда: 5 мин iшiнде 100 ұры ұстапты;
- Америкада: 5 мин iшiнде 200 ұры ұстапты;
- Қазақстанда: 5 мин iшiнде өзi ұрланып кетiптi!
.............
Ешкашан кафеге барып кормеген кыз жiгiтiмен кафеге барыпты.Сонда жiгiт даяршыны шакырып —меню -дептi; сосын жiгiт кызына :
-жаным сен не жейсiн -десе; кызы
-менде меню жей саламын-депти
...............
Командирге:
- Менің парашютым ашылмай қалса не болады?
- Сен бірінші болып жерге қонасың.
..............
Ағасы мен қарындасының әнгімесi:
— Қарындасым, сен кiмдi жақсы көресің?
— Папамды...
— Одан басқа?
— Мамамды...
— Одан басқа?
— Ағамды...
— Одан басқа?
— Ой қойшы болды, не қыласың оны...
...............
Mен өмipден туйгенiм 1 нәрсе:
Ұйқы ешқашан қанбайды екен.
................
Қыстың 1 кунінде 2 қазақ Москвада аялдамада жаурап тұрса жанына 2 орыс келіп балмұздақ жеп тұр екен. Сөйітсе қазақ бір біріне - Мына екі жынды жаурамайды да екен десе.ана орыс қазақша тусінеді екен. Қазаққа қарап тұрып- осы сендер 40 градус ыстықта шай ішкенде ештеңе демейміз ғои депті
.............
-Кімді жақсы көресің?
-Анамды
-Жоқ жігіттерден
-Әкемді
............
Күйеуі жұмыстан үйдегі әйеліне қоңырау шалып тұр.Әйелі қырындап:
-Осы қаладғы ең сұлу әйел тыңдап тұр...
-Шамасы мен қателесіп кеткен сияқтымын.
...............
Қазақтар Skype-қа кіргенде:
10%- Сәлем,Қалайсың?-десе,
90%- Дауысым естіліп тұр ма?-дейді екен.
.............
-Ааааа!
-Неге сонша шынғырасың?
-Тырнағымды сындырып алдым.
-Кішкентай нәрсеге сонша шынғырғаның не?
-Енді қайтейін тырнағымды мұрнымнан шығара алмай отырмын
..............